Malim.kz
Шоу-бизнес

Рамазан Амантай артық салмақ туралы сынға жауап берді

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: Malim.kz / скриншот

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде сыртқы келбеті мен салмағына қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Рамазан Амантай өз жазбасында қазақ тілінде контент жасауды мақтаныш санайтынын да атап өтті. Оның айтуынша, қазақтың өзіне тән әзілі, сөзі, әні мен өнері болуы керек.

"Мен қазақша сөйлеймін. Киноларым да, әндерім де қазақ тілінде. Өйткені мен өз тілімде сөйлеп, өз тілімде өнер көрсеткім келеді", — деді актер.

Сонымен қатар ол сыртқы келбеті мен салмағына қатысты сын айтатындарға өтініш білдірді.

"Салмағым үшін мені өнерден қумаңыздар. Менің денем емес, еңбегім мен өнерім бағаланса екен. Мен қателесуім мүмкін, ұнамай қалуым да мүмкін. Бірақ қазақ тілінде өнер жасауға деген ниетімнен ешқашан ұялмаймын", — деп жазды Рамазан Амантай.

Өнер иесі сөзін: "Өйткені бұл - менің тілім. Бұл — менің елім. Бұл - менің өнерім", — деп түйіндеді.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары