Мадридтік «Реалдың» кезекті жаттығу кезінде команда ойыншылары Орельен Тчуамени мен Федерико Вальверде төбелесіп қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.
Оқиға туралы ақпарат корольдік клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.
«Орын алған жанжалдан кейін клуб Федерико Вальверде мен Орельен Тчуамениге қатысты тәртіптік тергеу бастау туралы шешім қабылдады. Клуб екі іс бойынша да тиісті ішкі рәсімдер аяқталған соң шешімін хабарлайды», - деп жазылған мәлімдемеде.
Сонымен қатар «Реал» Вальверденің денсаулық жағдайы туралы да ақпарат берді. Клубтың медициналық қызметі тексеру жүргізген.
«Оған бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. Вальверде қазіргі уақытта үйінде, жағдайы жақсы. Мұндай диагноз кезінде медициналық хаттамаға сәйкес, оған 10-14 күн демалу қажет болады», - деді мадридтік клуб тарапы.