Бізге жүйелі жұмыс керек - Р.Байдүкенова

  • 31.05.2022

Жыл басы «қаңтар оқиғасымен» елді дүрліктірді. Ресми мәліметтер бойынша, қаңтар айындағы оқиғаларда  екі жүзден астам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алған. Жыл басы осындай қантөгіспен басталатынын ешкім күтпеді. Жалпы о баста Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласынан басталған бейбіт шеру  газ бағасының екі есе өсуінен басталды. Оған Қазақстанның басқа да өңірлерінде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы қосылды.

 Ал оның түп негізі бұрынғы жүйеге деген наразылық, елдегі жаппай қымбатшылық, жұмыссыздықтан халық көтерілді. Ел наразылығын біреулер өзінің арам пиғылына пайдаланып, ел ішінде іріткі салды. Соның арқасында билікті басып алмақ болған. Мұндайды мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылыс деп қабылдауға болады. Қалалық әкімшіліктерге, әуежайға, телеарналардың ғимаратына шабуыл жасалды. Қаншама жастарымыз, сарбаздарымыз қаза тапты. Оның арасында бейбіт шеруге шыққандар да бар. Кішкентай балалардың оққа ұшуы – өз алдына қатыгездік. Осындай ел ішінде дүрбелең болмағанда жазықсыз жандар құрбан болмас еді.

Бүгінде ел болған жайтты әр қырынан талдап, саралап жатыр. Әрине, жинақталған проблемаларды шешу терең жүйелік сипатқа ие екені белгілі. Сондықтан шешім таза заңды нысанда болуы керек және бұл үшін жүйелі жұмыс қажет.

Байланысты жаналықтар

66,4% қазақстандық референдумға қатысам дейді

17.05.2022

ҚР Конституциясына қандай өзгерістер енеді?

07.05.2022

«АМANAT» партиясы Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

20.05.2022

Ардагерлер ұйымы референдумға қатысты үндеу жариялады

20.05.2022

Штабтардың жұмысын референдумнан кейін де жалғастыру қажет

01.06.2022

Жастар өзгерісті қалайды

03.06.2022
MalimBlocks
66,4% қазақстандық референдумға қатысам дейді

ҚР Конституциясына қандай өзгерістер енеді?

«АМANAT» партиясы Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Ардагерлер ұйымы референдумға қатысты үндеу жариялады

Штабтардың жұмысын референдумнан кейін де жалғастыру қажет

Жастар өзгерісті қалайды