Malim.kz
Сұқбат

Ресейде Ил-76 әскери ұшағы апатқа ұшырады

Malim Админ

Ресейдің Иваново облысында Ил-76 әскери-көлік ұшағы көтерілу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ил-76 ұшағы Мәскеу уақытымен 13:00 шамасында Иваново облысында құлады. Ұшақ жоспарлы рейспен ұшып бара жатқан кезде оның қозғалтқышының бірі өртеніп кеткен. Өрттің нақты шығу себебі туралы ақпарат жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ Богородское ауылындағы зираттың маңына құлаған.

Бортта сегіз экипаж мүшесі мен жеті жолаушы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылардың бәрі қайтыс болды.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары