Malim.kz
Спорт

Ресейдегі ұлты қазақ, руы қыпшақ боксшы қызы күтпеген хабарды естіді

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Бокстан әлем чемпионы, этникалық қазақ спортшысы Салтанат Меденова Ресейдің ең жоғары спорттық марапаттарының бірі – "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағына ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресей спорт министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы бұйрығына сәйкес, Салтанат Меденова бұл мәртебелі атаққа лайық деп танылған. Федерацияның ресми сайтында жарияланған ақпаратта:

"Салтанат Меденова – 2025 жылғы әлем чемпионы, Ресейдің төрт дүркін чемпионы (2021, 2023, 2024, 2025). Сондай-ақ ол 2022 жылғы Ресей чемпионаты мен Бүкілресейлік спартакиаданың қола жүлдегері, 18 жасқа дейінгі (2019) және 22 жасқа дейінгі (2021) жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаттарының жүлдегері", – делінген.

Айта кетейік, Салтанат Меденова – Ресей құрамасының жетекші боксшыларының бірі әрі тегімен қазақ қызы. Бұған дейін ол сұхбаттарында ата-анасының Омбы қаласынан екенін және өзінің Орта жүздің Қыпшақ руынан шыққанын айтқан болатын.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары