Malim.kz
MALIMet

Республика күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Биыл Республика күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндерге екі күн демалыс беріледі, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылы 25 қазан – Республика күні жексенбіге түсіп отыр. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбіге, 26 қазанға ауыстырылады. Бұл тәртіп бес күндік және алты күндік жұмыс аптасына бірдей қолданылады.

Кімдер үш күн демалады?

Аптасына бес күн жұмыс істейтін, сенбі мен жексенбіде демалатын азаматтар 24, 25 және 26 қазан күндерітынығады. Яғни сенбіден басталған демалыс дүйсенбіні қоса қамтиды. Жұмыс 27 қазан, сейсенбіде басталады.

Ал аптасына алты күн еңбек ететіндер үшін 24 қазан, сенбі – жұмыс күні. Олар 25 және 26 қазанда қатарынан екі күн демалып, 27 қазанда жұмысқа шығады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары