Депутат ретінде халықтың аманатын арқалаудың ауырлығын айтты
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Malim.kz арнасына берген сұқбатында депутат ретінде халықтың аманатын арқалаудың ауырлығын айтты. Үкімет өкілдерімен жұмыс істеудегі қиындықтар, халықтың мәселесін шешу жолындағы кедергілерді де тізбеледі. Көңілін күпті еткен жағдайға арнап жазған өлеңін оқып берді.