Malim.kz
Спорт

Роналду үлкен футболдан қашан кететінін айтты

Мадияр Қапанбек
Криштиану Роналду. Фото: Molly Darlington/Getty Images

Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби футболдағы соңғы кезеңіне жақындағанын мәлімдеді, деп Malim.kz тілшісі Sportinside.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

41 жастағы футболшының айтуынша, алдағы бір жыл оның үлкен футболдағы соңғы маусымы болуы мүмкін.

«Бұл менің футболдағы соңғы жылым болуы ықтимал. Артымнан үлкен мұра қалдырғым келеді. Футболдан кейін өмірде бос кеңістік пайда болуы мүмкін, сондықтан уақытыңды түрлі іспен толтыру қажет. Көбірек саяхаттап, өзім жақсы көретін паделмен айналысып, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімнен ләззат алғым келеді. Өйткені бұл құрбандыққа толы 25 жыл болды», – деді Роналду.

Криштиану Роналду кәсіби мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтарында өнер көрсетті. Қазір ол Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының намысын қорғап жүр.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары