Malim.kz
Саясат

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін ол Мемлекет басшысының көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымын атқарған еді.

Руслан Желдібай бұл қызметтен 2026 жылдың қаңтарында босатылған болатын. Енді ол қайтадан Ақорда жұмысына оралып, Президенттің штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарады.

Руслан Желдібай әр жылдары президенттің баспасөз хатшысы, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі, сондай-ақ президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

2025 жылдың қыркүйегінде ол Президенттің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалып, 2026 жылдың қаңтарында бұл қызметтен босатылған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары