Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Malim.kz.
Рыбакина 1/8 финал кезеңінде Германия өкілі Татьяна Мариямен (WTA рейтингінде 52-орын), турнирдің қазіргі чемпионымен кездесті. Қазақстандық спортшы үш сетке созылған тартысты матчта 6:7, 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Елена Рыбакина Queen’s Club Championships турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Биыл Лондондағы турнирдің жалпы жүлде қоры – 1,915 миллион доллар. Жекелей сындағы жеңімпаз 294 445 доллар сыйақы алып, WTA рейтингінің 500 ұпайына ие болады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина турнирдің басты фавориті саналады және жарыста бірінші нөмірмен тіркелген.