Malim.kz
Спорт

Рыбакина Мадрид турнирін камбэкпен бастады

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК

24 сәуір күні әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол жарысты екінші айналымнан бастап, осы кезеңде румыниялық Елена-Габриэла Русе теннисшіні 4:6, 6:3, 7:5 есебімен ерік-жігерінің арқасында жеңді.

Камбэк қазақстандық спортшыға келесі кезеңге өтуге мүмкіндік берді. Енді Рыбакина қытайлық Чжэн Циньвэнь теннисшімен кездеседі.

Ол өз кезегінде америкалық София Кенин қарсы матчта дәл осындай қайсарлық танытып, жеңіске жеткен.

Мадридтегі турнир 21 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Жүлде қоры — 8,2 миллион доллар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Штутгартта өткен беделді WTA 500 турнирінің финалында Елена Рыбакина чехиялық Каролина Мухова екі сетте айқын басымдықпен жеңген еді.

Жеңістен кейін қазақстандық теннисшіге ашық сары түсті жаңа автокөлік табысталды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары