Malim.kz
Спорт

Рыбакина US Open ширек финалына шықты

Алуа Әшірбекова
Фото: ztb_sports / ЖИ арқылы өңделген

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ztb_sports мәліметінше, 1/8 финалда Рыбакина жапониялық Наоми Осаканы сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Матч небәрі 66 минутқа созылды.

Осылайша, қазақстандық спортшы мансабында алғаш рет US Open додасының үздік сегіз теннисшісінің қатарына енді.

Енді Рыбакина ширек финалда Олимпиада чемпионы Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Қытайлық теннисші бұған дейін Ига Швентекті 7:5, 6:3 есебімен жарыстан шығарған.

Ztb_sports мәліметінше, Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы атану үшін тағы бір жеңіс қажет.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары