US Open турниріндегі тарихи жеңісінен кейін Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Брифинг кезінде қазақстандық журналист Ердана Ержанұлы теннисшіні жеңісімен құттықтап, елдегі жанкүйерлер мен жас спортшыларға айтар тілегін сұрады.
Модератор баспасөз мәслихатын аяқтауға әрекеттенгенімен, Рыбакина қазақстандық журналистің сауалын тыңдап, оған жауап берді.
"Бұл жетістік сізді қолдап, бүгінгі ойыныңызды тамашалап отырған Қазақстандағы көптеген жас үшін үлкен маңызға ие. Сізді көріп, жанкүйер болып отырған қазақстандықтарға қандай үндеу айтқыңыз келеді?" – деп сұрады Ердана Ержанұлы.
Теннисші өз кезегінде Қазақстандағы жанкүйерлеріне қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтты.
"Ең алдымен, қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін баршаңызға үлкен рақмет айтқым келеді. Бірақ мен әлі мақсатымның соңына жеткен жоқпын. Қазақстанға барып, осы сәтті мені қолдап, ойындарымды көріп, жанкүйер болған барлық адамдармен, әсіресе балалармен бірге атап өткім келеді", – деді теннисші.