Malim.kz
Оқиға

Сәбиін туа сала тастап кеткен. Алматы тұрғыны ұсталды

Malim Админ

Алматы тұрғыны сәбиін туа сала үйдің кіреберісіне тастап кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыз баланың анасы ұсталып, кім екені анықталды, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Ол медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Еске салайық, жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінен нәрестені тауып алған болатын. 

«Жедел жәрдем» қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің дүниеге келгеніне 1-2 сағат қана болған.

Фото: pixabay.com

Malim Админ
Автордың басқа материалдары