Malim.kz
Денсаулық

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Мәди Саматұлы

Ақмола облысы Сабынды ауылындағы бұрынғы мешітте болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы медицина қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиғадан кейін елорда ауруханаларына 16 адам жеткізілген. Олардың үшеуі – балалар.

Барлық науқасқа алдын ала қойылған диагноз – түрлі дәрежедегі термиялық күйіктер, бәрі жалыннан алған жарақат. Барлық зардап шеккен жанға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлады басқарма.

Айта кетейік, 17 қарашада Ақмола облысы Сабынды аулында бұрынғы мешіт ғимаратында, еске алу асы өтіп жатқан кезде, газ жарылысы болған. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты: 46 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел және 12 жастағы бала. 

Фото: canva.com

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары