Malim.kz
Саясат

Садыр Жапаров Қазақстанға келе жатыр

Malim Админ

Қырғызстан президенті 17 сәуір күні ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Қырғызстанның ұлттық инвестициялық агенттігі мәлімдеді.

Садыр Жапаровтың Қазақстанға сапары аясында Астанада қырғыз-қазақ бизнес-форумы, сондай-ақ отандық өнім өндірушілердің көрмесі өтеді, - делінген хабарламада.

Ресми сапар 18-19 сәуірге жоспарланғаны белгілі болды.

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Дастан Дюшекеевтің айтуынша, сапар айында екі ел президенттері Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. 

Сонымен қатар Садыр Жапаров Қазақстандағы Қырғыз киносы апталығының ашылуына қатысады деген жоспар бар. 

Фото: facebook.com/KyrgyzPresident/photos_by

Malim Админ
Автордың басқа материалдары