Malim.kz
Спорт

Сағындық Тоғамбай Ливерпульдегі әлем чемпионатында жеңіске жетті

Malim Админ

Бокстан Ливерпуль қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатының бірінші жарыс күні жалғасып жатыр.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

— Қазақстан сапынан 90 келідегі Сағындық Тоғамбай бастапқы кезеңде жергілікті спортшы Исаак Окодан жеңісті жұлып алды. Алғашқы раундта төрешілердің бүйрегі ағылшын бокшысына бұрғанымен, жерлесіміз қысымды арттырып, 3:2 есебімен жеңіске жетті, — делінген федерация таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын Элина Базарова бокстан әлем чемпионатын аяқтағанын жазғанбыз. Отандасымыз өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездесуде жеңіліп қалды.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Malim Админ
Автордың басқа материалдары