Орталық сайлау комиссиясы VII шақырылымдағы мәжіліске сайлаудың алдын ала қорытындысын жария етті.
Алдын ала қорытынды бойынша, 10 қаңтар күні өткен парламент мәжілісі сайлауында Nur Otan партиясы – 71,09 пайыз, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) – 9,1 пайыз, "Ауыл" халық-демкократиялық патриоттық партиясы – 5,29 пайыз, "Адал" партиясы – 3,57 пайыз дауыс жинаған.
Сайлаудың толық қорытындысы барлық бюллетень өңделіп біткен соң жарияланады.