Malim.kz
Мәдениет

Шәмші Қалдаяқовқа “Еңбек Ері” атағы берілді

Айшолпан КЕРІМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев композитор Шәмші Қалдаяқовқа Қазақстанның Еңбек Ері” атағын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм),  - делінген құжатта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары