Malim.kz
Спорт

Сақаев пен Дәулетбеков Азия чемпионатының жартылай финалында сүрінді

Айбын Атабай
Спортты дамыту дирекциясы

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуандары Болат Сақаев пен Азамат Дәулетбеков ширек финалда ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Еркін күрестен 86 келіде белдескен отандық бозкілем шебері Болат Сақаев жартылай финалдық белдесуде үндістандық Мукул Дахияндан 6:12 есебімен финалдан тыс қалды. Белдесу кезінде Сақаев 6 ұпай айырмасымен алда тұрған еді. Алайда үнді балуаны үздіксіз шабуыл жасап, соңғы секундқа дейін есепті еселеумен болды. 

Ұлттық құрама мүшесі ертең құрлық біріншілігінің қола жүлдесін Бахрейн/Өзбекстан балуандары жұбының жеңімпазымен сарапқа салады. 

Ал әлем біріншілігінің екі мәрте жүлдегері Азамат Дәулетбеков шешуші кездесуде Иран балуанына қарсы жасаған әдістері нәтижесіз аяқталумен болды. Жартылай финалда парсы балуаны отандасымыздан 6 ұпайы иеленіп, финалға жолдама алды. Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін Жапония спортшысы Такачи Ичигуромен сынға түседі. 

Сонымен бірге, 125 келіде Едіге Қасымбек Азия чемпионатында үшінші орын үшін Қытай балуанымен өзара мықтыны анықтайды. 

Өкінішке қарай, Асыл Айтақын (61 кг) мен Ернұр Нұрғазы (74 кг) жүлде үшін күресу мүмкіндігінен біржола айырылды. 


Енді 97 келіде Бекзат ҮркімбайПариж Олимпиадасының қола жүлдегері Ахмед Тажудиновке қарсы біріншіліктің қола медальі жолында бозкілемге шығады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары