Malim.kz
Құқық

Сәрсемәлиев аудио тыңдатып, қайынағасы қысастық жасағанын айтты

Айбын Атабай
Видеодан скрин

4 адамның өліміне қатысты сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сарсемалиев өз телефонында сақталған аудиожазбаны дәлел ретінде ұсынып, оны марқұм Наурыз Мұқанғалиев тарапынан айтылған қоқан-лоққымен байланыстырды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz cайтына сілтеп.

Күдіктінің сөзінше, жанжал 2024 жылы Түркияға сапар кезінде басталған. Сол уақытта оның жүкті жұбайының денсаулығына байланысты дәрігерлер медициналық көрсеткішпен түсік жасатуды ұсынған. Кейін Қазақстанға оралған соң Наурыз Мұқанғалиев пен туыстары жүктілікті тоқтатуды талап еткен, алайда Сұлтан Сарсемалиев бұған келіспеген.

Күдікті сотқа ұсынған алғашқы аудиожазбада Наурыз Мұқанғалиевтің жақындарының біріне айтқан сөзі естілді.

— Біз араласпасақ, ол отбасын асырай алмайтын адам. Алдымен Ақбаян жазылып кетсін. Сосын сөйлемесіз, — делінген аудиожазбада.

Сотта тыңдалған келесі аудиожазбада Наурыздың Сұлтанға «Жауапқа тартам, сүмірейтіп тастаймын» деген сөздер айтқан. Айыпталушы бұл сөздерді өзіне тікелей жасалған қоқан-лоққы ретінде қабылдағанын мәлімдеді.

Күдікті аудиожазбаны 2024 жылдың 5 қаңтарында өзі іздеуге жүргеннен кейін телефонына мұқият сақтап қойғанын түсіндірді.

Айыпталушының сөзінше, Наурыз Мұқанғалиев тарапынан болған тұрақты психологиялық қысым мен өміріне төнген қауіп туралы қорқыныш оны осындай әрекетке итермелеген. Сот процесі 23 мамыр күні жалғасады.



https://kaz.inform.kz/news/atiraudagi-otbasi-olm-kudkt-sotta-markum-kayinagasinin-audiozhazbasin-tindatti-3e7db97c

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары