Malim.kz
Оқиға

Сәрсемәлиев Мейрамгүлдің жүрегіне пышақты 18 сантиметрге дейін сұққан

Айбын Атабай
Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Атырау облысында көз жұмған екі адамның сүйегінен тереңдігі 10-18 сантиметр жарақат ізі анықталған. Бұл туралы сот отырысына қатысқан сот-медициналық сарапшы Сержан Сейдешев айтты. kursiv.kz сайты маманның пікірін келтіреді. 

Оның сөзінше, Наурыз Мұқанғалиевтің сүйегіндегі жарақат өлшемін нақты анықтау мүмкін болмаған.

«Мәйіт шіріген кезде адам ағзасындағы жарақат өлшемі кішірейеді. Бірінші жарақат тереңдігі – 8-10 см. Үшінші жарақат 10-12 см. Бесінші жарақат тереңдігі – 10-12 см, оныншы жарақат тереңдігі – 12-15 см. Осы төрт жарақат ішкі ағзаны зақымдаған», – дейді сарапшы.

Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне себеп болған жарақаттар:

Сол жақ өкпедегі №29 жарақаттың тереңдігі 12-14 см;

Жүрек қабындағы және жүрек аймағындағы №1 жарақаттың тереңдігі 8-10 см;

Жүрек аймағындағы №5 жарақат тереңдігі 15-18 см;

Бауыр аймағындағы №11 жарақат тереңдігі 12-15 см;

Бұған дейін сотта көрсетілген видеоларда марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің басы денесінен бөлініп қалғаны айтылды. Сарапшының сөзінше, марқұмның бас сүйегі өз бетінше ажырауы мүмкін. Ол сүйек көмілген топыраққа да тікелей байланысты. Сондай-ақ бас сүйегі мәйітті қазып алу кезінде денесінен бөлініп қалған болуы кәдік. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары