Malim.kz
Оқиға

"Шаштан сүйреп, тұншықтырды": Қазақстандық әйел өзін Бельгияның консулы ұрып-соқты деп шағымданды

Айбын Атабай

Бельгия азаматы, "Құрметті консулдар қоғамы" басқарма төрағасы әрі танымал кәсіпкер Денис Ван ден Вейх қазақстандық әйелді соққыға жықты деп айыпталды. Қылмыстық іс тоқтатылды.

Kozachkov offside телеграм арнасының мәліметінше, бельгиялық консул мен Айдана есімді әйелдің ортасында жанжал туындаған. Отандасымыз өзін шетелдік азамат тұншықтырып, шашынан сүйреді деп полицияға шағым түсірген. Айтуынша, оқыс оқиға түнде Ван ден Вейхтің Алматыдағы пәтерінде болған.

Іс "Соққыға жығу" бабы бойынша тіркелгенімен, жәбірленушінің өтініші бойынша тоқтатылған.

Денис Ван ден Вейх бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол жеке сипаттағы мән-жайлар мен сотқа дейінгі тергеу материалдарына түсініктеме беруді қажет деп санамайтынын жеткізді.

“Әсіресе, олардың процестік тәртіптен тыс үшінші тұлғаларға таралуы күмән тудырады. Тек заңмен көзделген барлық процессуалдық тексерулер уәкілетті органдармен жүргізілгенін, соның нәтижесінде тиісті іс сол күні-ақ заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылды. Іс тоқтатылды, себебі арыздағы күш қолдану туралы ақпарат расталмады", – деді бельгиялық азамат.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары