Ұлытау облысының Сәтбаев қаласындағы Ерден көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, дереу барлау және тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына кірісті.
«ТЖМ бөлімшелерінің жедел әрекет етуінің арқасында тұрғын үйден 19 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды өрт 15 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖМ хабарламасында.