Nurik Smit лақап атымен танымал әнші Нұрғиса Әнуарбеков сахнада балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.
Полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде түсірілген бейнежазбаны анықтаған. Видеодан әншінің өнер көрсету кезінде әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық орындардағы тәртіп талаптарын бұзғаны байқалады.
Ал Алматы қалалық полициясы жариялаған видеодан кісенделген әншінің полиция бөлімшесіне жеткізілгенін көруге болады.
Құқық қорғау органдары бұл әрекетті ұсақ бұзақылық деп бағалады. Сот шешімімен Нұрғиса Әнуарбековке 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңгеайыппұл салынды.