Malim.kz
Шоу-бизнес

Сахнада жас қыздармен билеген Нұрболат Абдуллинге айыппұл салынды

• Сабина Асқарқызы

Түлектер кешінде ән айтып, вальс билеген әнші Нұрболат Абдуллин халықтың сынына ұшырап, айыппұл төледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші сахна мәдениетін бұзып, жас қыздармен алма-кезек билеген.

Соңғы видеоға штраф келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр, - деп жазған әнші банк қосымшасынан 300 мың теңге жібергені туралы түбіртектің суретін жариялады. 

Айта кетейік, танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің 5 жылдық түлектер кездесуінде сахнада ән айтып, бір емес, бірнеше қызды вальске шақырған видеосы желіде біраз талқыға түскен болатын. 

Фото: интернеттен

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары