Malim.kz
Құқық

Шахтинскідегі газ жарылысы. Оқиғаның мән-жайы айтылды

Айбын Атабай
видеодан скрин

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұстау сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Полиция мәліметінше, күдіктіні ұстау аса қауіпті жағдайда өткен.

"Оқиға орнына келген полицейлер алғашқылардың бірі болып тұрғындарды дереу эвакуациялауға кірісті. Сол сәтте бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болған 40 жастағы күдікті полицейлерді байқап, әдейі газ жіберіп, оны өртеп жіберген. Жарылыс қаупі жоғары болғанына қарамастан, тәртіп сақшылары батыл әрекет етіп, өз өмірін қатерге тігіп, ұстау операциясын аяғына дейін жеткізді", - делінген хабарламада.

Қазір күдікті медициналық мекеменің арнайы палатасында күзетпен жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Шахтинскіде әдейі өрт қойды деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғанын жазғанбыз. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары