Malim.kz
Білім-ғылым

«Семей орманы» филиалының басшысы жалған дипломмен жұмыс істеген

• Malim Админ

Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлерін анықтады. 


Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университет аталған қызметкерлерге диплом берілмегенін айтты.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

Фото: democrat.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары