Malim.kz
Оқиға

Семейде өзенге құлаған көлік: тағы бір жолаушының мәйіті табылды

Malim Админ

Ер адамның мүрдесін жергілікті балықшылар тапқан. Тағы бір жоғалған адамды іздеу жалғасып жатыр. 

5 қаңтар күні Ертіс өзеніне көлік құлаған еді. Көлік ішінде  төрт адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен шығып, жағаға жүзіп жеткен. Сол күні құтқарушылар өзеннен жолаушы қыздың мәйітін тапты. 

- Тағы бір жоғалған адамды іздеу әлі жалғасып жатыр.  Іздеу жұмыстарына 100-ден астам адам, 13 моторлы қайық, екі ұшқышсыз ұшу аппараты, үш эхолот және бір сүңгуір қайық жіберілді. Сондай-ақ ШҚО ТЖД, Павлодар облысы ТЖД, Алматы республикалық жедел құтқару жасағының ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің күштері мен жергілікті еріктілер іздеу жұмысын жүргізіп жатыр», деп хабарлады облыстық ТЖД.

Фото: видеодан скрин 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары