Malim.kz
Оқиға

Семейде өртті сөндіруге дрон пайдаланылды

Арман Қайыпхан

Семейде мейрамханалардың бірінде қабырға аралық қуыста жылытқыш жанып, от ғимараттың қабырғаларының, төбесінің және шатырларының ағаш конструкцияларына, сондай-ақ шатырдың астында бірге орналасқан жапсарлас дүкеннің төбесіне де тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің жалпы ауданы шамамен 270 шаршы метрді құрады.

"ТЖМ қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің одан әрі таралуының алдын алып, ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік туды. Күштер мен құралдарды үйлестіру және барлау үшін ұшқышсыз ұшу апараты жұмылдырылды", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары