Malim.kz
Спорт

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Malim Админ

Грузияда ұйымдастырылған әлем кубогінде 60 елдің спортшылары олимпиада жолдамасы үшін сайысқа түскен еді.

Жарыста Қазақстанның басты қарсыласы – Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасынан ұтылды. Жалпы есепте корейлер Қазақстан құрамасынан 26 ұпайға қалып қойды.

Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы командалық тартыста алғаш рет олимпиада ойындарына жолдамаға қол жеткізді.

Жолдама лицензиясы Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимовке бұйырды.


Фото: Интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары