Malim.kz
Спорт

Семсерші Вадим Шарлаимов келесі кезеңге өтті

• Мәди Саматұлы

Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарында семсерлесуден бәсекелер басталды. Спорттың бұл түрінен қазақстандық Вадим Шарлаимов сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, жерлесіміз турнирдің 1/32 айналымында Оңтүстік Африка өкілі Харри Санерді 15:3 есебімен жеңіп, Олимпиаданың 1/16 кезеңіне өтті.

Енді Руслан Курбанов пен Эльмир Алимжанов та осы айналымда бақ сынайды.

Фото: ҰОК

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары