Malim.kz
Саясат

Сенатор: Әділетті Қазақстан ұғымының конституциялық көрінісі

Айбын Атабай
Конституциялық сот

Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген Конституциясының жаңа жобасын  оқып шықтым.
Бұл тарихи құжатта:

билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілік күшейтілген;
Парламенттің рөлі Құрылтай негізінде жаңғыртылып, саяси өкілдіктің мазмұны жаңа талаптарға сай қайта қаралған;
Халық кеңесі - тұрақты диалог алаңы ретінде азаматтық қоғамның үні, ұлттың мінбері ретінде айқындалған;
құқықтық мемлекет, әділдік, заң мен тәртіп, ашықтық және қоғамдық келісім қағидаттары нақты конституциялық деңгейде бекітілген.

Осы сияқты көптеген құндылықтар мен жаңалықтарды қамтыған Конституция жобасын тек құқықтық мәтін ғана емес, әділетті Қазақстанды құру жолындағы қоғамдық келісімнің көрінісі деп қабылдауға болады.

Жаңа жобаны әзірлеу кезінде конституциялық нормалардағы терминологиялық бірізділікке және құқықтық айқындылыққа ерекше назар аударылғаны көрініп тұр. 

Алдағы кезеңде Конституция жобасы кең көлемде қоғамдық талқылаудан өтіп, түпкілікті шешімнің жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатыны белгілі. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін тарихи сәт. 

Қазақстан үшін бұл кезең – саяси реформалардың қорытындысы ғана емес, жаңа мемлекеттік даму дәуірінің бастауы. Бұл “қайта жүктеу” елдің саяси архитектурасын түбегейлі өзгертіп, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды тұғырлы ете түседі деген сенімдеміз. 

Дархан Қыдырәлі, 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары