Сербияда Belgrade Winner халықаралық турнирінің финалистері анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бокс федерациясы Қазақстан құрамасынан үш боксшы ақтық сынға жолдама иеленгенін мәлімдеді.
Олардың қатарында 60 келіде Нұрасыл Төлебек жартылай финалда Армения спортшысы Эрис Арстамяннан 4:1 есебімен басым түсті.
70 келіде Нұрбек Мурсал сербиялық қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты, жартылай финалда жеңімпаз деп танылды.
90 келіде Ибрагим Бетаев қарсыласы Богдан Толмачов (Украна) жарақатына байланысты, жекпе-жексіз финалға өтті. Сондай-ақ, төрт боксшымыз қола жүлдегер атанды.
50 келіде Нұрзат Оңғаров 1/2 финалда филиппиндік Кларк Вицераға жол берді. 80 келіде Нұрсұлтан Шілдебай Олимпиада чемпионы Александр Хижнякқа есе жіберді. 85 келіде Аян Қалмағанбетов украиналық Данило жасанға 2:3 есебімен жеңілді.
+90 келіде Аслан Елдібайұлы Түркия өкілі Берат Акарға жол берді. Финалдық жекпе-жектер 17 мамырға жоспарланған.
17 мамыр 21:00
60 келі. Нұрасыл Төлебек vs Луис Энрике Винсент (Куба)
70 келі. Нұрбек Мурсал vs Милош Роганович (Черногория)
90 келі. Ибрагим Бетаев vs Уильямс Нельсон (Куба)
https://kaz.inform.kz/news/serbiyadagi-halikaralik-turnir-kazakstannan-ush-boksshi-aktik-singa-zholdama-ald-641b6e1c