Malim.kz
Саясат

Сергей Лавров Қазақстанның Сыртқы істер министріне қоңырау шалды

Malim Админ

Ресейдің бастамасымен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР СІМ мәлім етті, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Министрлер 2024 жылғы екіжақты өзара іс-қимылды қорытындылады, сондай-ақ алдағы маңызды іс-шаралар кестесін қарастырды. Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасын жоғары бағалады және түрлі салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту жоспарларын талқылады, — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар олар халықаралық күн тәртібі мен көпжақты форматтағы ынтымақтастық бойынша пікір алмасты.

Фото: ҚР СІМ  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары