Malim.kz
Саясат

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Арман Қайыпхан
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Ол – Олимпиада чемпионы, бокстан екі дүркін әлем және Азия чемпионы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Сонымен қатар «Парасат» орденінің және Вэл Баркер кубогының иегері.

Жаңа қызметінде Серік Сәпиев ұлттық құраманың нәтижесін арттыруға, спорт саласын жүйелі дамытуға және Олимпиада ойындарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында жұмыс жүргізеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары