Malim.kz
Саясат

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Мәди Саматұлы

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин премьер-министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Серік Мақашұлы 2020-2022 жылдары Бәсекелестікті қорғау агенттігін, кейін 2022-2023 жылдары Сауда және интеграция министрлігін басқарған еді. Ал соңғы қызметі – премьер-министрдің орынбасары болған.

Фото: Үкімет

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары