Malim.kz
Оқиға

Шерзат Болат оқиға түні қандай жарақат алған?

Сұлу Бөлек

Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы басталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Прокурор Дана Сәрсенбай оқиға түні не болғанын егжей-тегжей айтып берді. "Қамажай" дүкенінің алдындағы төбелестен кейін Қаржаубай Нұрымов көлігіне баласы Шерзат пен бауыры Нұрқанатты салып алып, жан ұшырып Талғар ауданының орталық ауруханасына жеткізген", - деді ол. 

Медициналық сараптамаға бойынша, Шерзаттың өлімі сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігіне зақым келтіре отырып, сол жақтан кеуде қуысына еніп, шаншылып кесілген жарақаттың салдарынан дамыған ауыр қан жоғалтудан болды. Өлім 2024 жылғы 4 қазанда сағат 01:30-да Талғар орталық ауруханасының стационарында расталған.

Шерзат Болаттың денесінде анықталған жарақаттар аталды, алайды бұл өлімге себеп болмаған.

Мәйітті зерттеу кезінде келесі дене жарақаттары анықталған:

Бұған дейін не белгілі болды?

Шерзат Болаттың отбасының заңды мүддесін Мейірман Шекеев жетекшілік ететін алты қорғаушы қорғайтын болады. Олар – Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ібраев, Бақдат Амандосұлы және Бекзат Мязов. Бүгінде істі Бишімбаевтың соты сияқты жалпыхалыққа түсіндіре отырып, өтуін сұрап отырғандар көп. Олардың ішінде айыптаушыларға жеңіл жаза беріле ме деген пікір де жүр.

Оқиға қаша болды?

Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Талғарда жасөспірім қатыгездікпен өлтірілді.16 жастағы Шерзат Болат әкесіне дүкенде көмектесіп жүрген кезде сатып алушымен жанжал басталған. Сатып алушы таныстарына хабарласып, олар келіп, Шерзатты, оның әкесін және ағасын пышақ және мылтық қолданып, соққыға жыққан. 

Фото: Әлеуметтік желіден 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары