2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Malim.kz.
Министрдің айтуынша, 5 тамызда мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткен. Комиссия құрамында мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, білім саласы кәсіподақтарының, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері жұмыс істеген.
Отырыс барысында талапкерлердің өтініштері қаралып, білім гранттары қолданыстағы ережелерге сәйкес конкурстық негізде бөлінген.
Саясат Нұрбек биыл грант конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданғанын мәлімдеді. Талапкерлердің басым бөлігі педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттарын таңдаған.
Министрдің мәліметінше, аудармашыларды, дипломаттарды, заңгерлерді, психологтар мен педагогтерді даярлайтын білім беру бағдарламаларында бір гранттық орынға бәсекелестік жоғары болады деп күтіледі.
"Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы 2026 жылғы 7 тамыз күні сағат 15:00-де негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады", – деді Саясат Нұрбек.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
- https://t.me/SayasatNurbekOfficial
- https://www.facebook.com/sayasat
- https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
- https://sayasatnurbek.com/
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық парақшалары: