Алматыда жаңа салынып жатқан «Миллениум парк» тұрғын үй кешеніндегі лифттің шахтасына шетелдік жұмысшы құлап кетті.
Алған жарақаттардың салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы жағдай 22 қыркүйекте Алмалы ауданында болған. Қаза болған жұмысшы - Өзбекстан азаматы. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: sadaqmedia.kz