Malim.kz
Оқиға

Сеул-Цюрих бағытымен ұшқан ұшақ Алматыға шұғыл қонды

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Алматы қаласында Сеулден Цюрихке бағыт алған швейцариялық әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Белгілі болған мәліметтерге сәйкес, Airbus A350-941 ұшағы SWISS компаниясына тиесілі. Ол Қазақстан әуе кеңістігі арқылы ұшып бара жатқан кезде 7700 апаттық сигналын берген. Аталған ақпарат Flightradar24 сервисінде тіркелгені белгілі болды. 

7700 коды – халықаралық авиацияда төтенше жағдайды білдіретін арнайы белгі. Яғни, ұшақ бортында қандай да бір шұғыл жағдай туындағанын көрсетеді. Осыдан кейін әуе кемесі Алматы әуежайына сәтті түрде шұғыл қонған.

SWISS – Швейцариядағы ең ірі әуе тасымалдаушы компаниялардың бірі. Ол Еуропа, Америка, Африка және Азия бағыттарында тұрақты рейстер орындайды.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті мен Көлік министрлігінен ресми түсініктеме берілген жоқ.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары