Malim.kz
Құқық

Щучинск дәмханасындағы жарылыс. Қылмыстық іс қозғалды

Айбын Атабай
ТЖМ

Щучинск дәмханасындағы жарылысқа байланысты “Көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы (292-бап, 3-бөлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде аймақ полициясына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірі газ жарылып, 7 адам қаза болды, 20-дан астам адам зардап шекті, 13-ін түрлі дәрежеде күйік шалған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары