Malim.kz
Оқиға

Щучинскіде «Плов орталығында» жарылыс болып, 6 адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, тұрғын үйге жапсарлас орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынан өрт тұтанған, деп хабарлайды Malim.kz Курсивке сілтеме жасап.

Құтқарушылар оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен. Жанып жатқан ғимараттан 8 газ баллоны шығарылып, 10-нан астам адам құтқарылды.

Алдын ала дерек бойынша, шамамен 20 адам зардап шеккен, олардың алтауы қаза тапқан.

Өрт толық сөндірілді, үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында ТЖД басшылығы, құтқарушылар, дәрігерлер, полиция және газ-техникалық инспекция қызметкерлері жұмыс істеуде. Санитарлық авиация мен жансақтау көліктері дайындыққа келтірілген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары