Malim.kz
Оқиға

Щучинскте қыз бала терезеден құлап кетті

Мәди Саматұлы

Щучинск қаласында 12 жастағы жасөспірім терезеден құлап кетті. turar_media жазуынша, қыз ауруханада жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Құқық қорғау органдары бұл ақпаратты растаған.

Бурабай ауданының полиция бөлімі бұл оқиғаның 14 қыркүйекте Щучинск қаласында болғанын мәлімдеді.

12 жасар қыздың 5-қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткені анықталған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп нақтылаған аудандық полиция бөлімінде.

Фото: otyrar.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары