Malim.kz
Оқиға

Шиелі–Түркістан учаскесінде жолаушылар пойызы апатқа ұшырады

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Түркістан облысында Саратов – Алматы бағытындағы пойыз вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

16 маусым күні Шиелі – Түркістан теміржол учаскесінде №7/8 Саратов – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының бір вагонының доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, оқиға сағат 12:49-да техникалық себептерге байланысты болған.

Оқиғадан кейін жолаушыларға медициналық көмек ұсынылғанымен, ешқайсысы ауруханаға жатқызылудан бас тартқан.

Салдарын жою үшін оқиға орнына қалпына келтіру пойызы жіберілді. Ал жолаушыларды тасымалдауды жалғастыру мақсатында қосымша құрам ұйымдастырылған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары