Шілде айының ортасынан бастап еліміздегі барлық банк ортақ QR-код жүйесіне кезең-кезеңімен қосылады, деп хабарлайды Malim.kz.
Жаңашылдықтың нәтижесінде азаматтар кез келген банк қосымшасы арқылы бір ғана QR-кодпен төлем жасай алады.
Ал кәсіпкерлер әртүрлі банкке бөлек QR-код орнатып әуреленбейді.