Malim.kz
MALIMet

Шкафты ақтармай-ақ табасыз: төсек жаймаларын сақтаудың қарапайым тәсілі

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Жайманы тапсаңыз, жастыққабы жоқ. Жастыққапты тапсаңыз, көрпеқап басқа сөреде жатыр. Осындай әуреден құтылу үшін бір жиынтықты бір жастыққаптың ішіне жинап сақтауға болады, деп хабарлайды Malim.kz. Бұл тәсілді Martha Stewart басылымы ұсынады.

Төсек жабдықтарын түріне қарай бөлек жинау үйреншікті болғанымен, қажет кезде бір жиынтықты түгел іздеуге тура келеді. Әсіресе түсі ұқсас, өлшемі әртүрлі жаймалар оңай шатасады.

Қалай жинау керек?

Алдымен бір жиынтыққа кіретін жайма, көрпеқап пен жастыққаптарды бөліп алыңыз. Бір жастыққапты бос қалдырып, қалғанын соның ішіне сыятындай етіп бүктеңіз.

Бүктелген заттарды бірінің үстіне бірін қойып, бос жастыққапқа салыңыз. Оның артық қалған шетін астына қайырып қойсаңыз, жинақы бума шығады. Осылайша жиынтықтың барлық бөлігі бірге тұрады.

Қолданғанда несімен ыңғайлы?

Төсек жабдығын ауыстыратын кезде бір ғана буманы аласыз. Әр сөреден сәйкес жастыққап пен жайма іздеудің қажеті азаяды. Сыртындағы жастыққаптың өрнегіне қарап, қай жиынтық екенін де ажыратуға болады.

Бұл әдіске арнайы қорап немесе ұйымдастырғыш сатып алудың қажеті жоқ – жиынтықтың өз жастыққабы жеткілікті.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары