Malim.kz
Білім-ғылым

Smart City құрудың жаңа әдістемесі Қазақстан қалаларына қандай өзгерістер әкеледі — сарапшы түсіндіреді

Ереке Базарқұл
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛАР: ©Нейрожелі көмегімен жасалған

Жақсы смартфон секілді мінсіз үйлесіммен жұмыс істейтін қаланы көз алдыңызға елестетіңіз. Көлік өз уақытында келеді, төтенше қызметтер сіз қоңырау шалып үлгермей жатып әрекет етеді, жол камералары тек ереже бұзуды тіркемей, апаттардың алдын алуға ықпал етеді, ал коммуналдық қызметтер мәселені тұрғын өзі байқамай тұрып-ақ алдын ала анықтайды.

Мұндай «ақылды қала» енді футурологтардың қиялы емес. Қазақстан 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің барлық қалаларын цифрлық дамыту үшін нақты ережелер мен бағдарларды белгілейтін Smart City тұжырымдамасын құрудың жаңа әдістемесі — эталондық стандарт бойынша келешекке қадам басады.

Әдістеме адам қажеттілігіне бағдарлану, экологиялық тұрақтылық, ашықтық және цифрлық теңдік принциптерін біріктіреді. Ол қала өмірінің негізгі салалары — басқару, қауіпсіздік, көлік және логистика, білім беру, әлеуметтік сала, ТКШ және экономиканы қамтиды. Шын мәнінде, бұл ыңғайлы, технологиялық және тұрақты қалалық ортаны құру кезінде қалалардың негізін қалыптастыратын «қаңқаны» құрайды.

Қазіргі таңда «ақылды қалалар» тақырыбына қатысты ақпарат күн санап көбейіп келеді. Соның айқын мысалы — Alatau City жобасы, сондай-ақ халықаралық ойыншылар өз шешімдерін енгізіп жатқан республикалық маңызы бар қалалар да бар. Ал аймақтарда жергілікті цифрлық жүйелер қарқынды дамып келеді. Жаңа әдістеме бойынша қалалардың тіршілігі қалай өрбімек, бұл мәселені сипаттайтын негізгі «тірек қағидаттарды» оқырманға қарапайым тілмен түсіндіргіміз келеді. Осы мақсатта біз INTEGRA CITY компаниялар тобы техникалық департаментінің директоры Илья Беляковқа жүгіндік. INTEGRA компаниясының әмбебап шешімі қалалық өмірдің барлық аспектілерін басқаруға арналған платформалық құралдарды біріктіретін цифрлық экожүйеге маманданған. Платформа жасанды интеллект арқылы басқарылады және қалалық процестерді кешенді цифрландыруды қамтамасыз етіп, шаһарларды тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыда дамыта түседі.

— Smart City әдістемесі Қазақстан тұрғындары үшін нені білдіреді?

«Бұл әдістеме адамдар игілігі үшін нақты жұмыс істейтін технологиялары бар қалалардың бірыңғай стандартын қалыптастырады. Ақылды қала — ең алдымен қолайлылықты білдіреді: яғни, қызметтер жылдамырақ жұмыс істейді, көшелер қауіпсіздік орнайды, басқару жүйесі ашық, әрі түсінікті. Әдістеме инновацияларды кезең-кезеңімен және жүйелі түрде енгізуге мүмкіндік береді».


— Тұрғындар ең алдымен қандай өзгерістерді сезінеді?

«Қалалық қызметтердің автоматтандырылуы мен деректердің синхрондалуы. Әдістеме негізгі салаларды — көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қауіпсіздік, әлеуметтік қызметтерді айқындайды. Жол жағдайы, көлік қозғалысы және инженерлік желілердің жұмысы туралы ақпарат күнделікті мәселелерді жылдам әрі дәл шешуге көмектеседі».
— Неліктен технологиялар әдістеменің негізгі элементіне айналды?

«Қазіргі қала — тірі ағза іспетті. Smart City әдістемесі цифрлық «жүйке жүйені» талап етеді: IoT датчиктері, жасанды интеллектке негізделген бейнебақылау, инфрақұрылымды автоматтандырылған басқару. Бұл ресурстарды үнемдеуге, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және басқаруды барынша ашық етуге жол ашады».


— Қазақстанға халықаралық серіктестер не үшін қажет?

«Үздік тәжірибелерді меңгеру үшін. Сингапур, Шэньчжэнь, Сеул, Хельсинки деректерге негізделген (data-driven) қалалық модельдердің қалай жұмыс істейтінін көрсетіп отыр. Халықаралық ынтымақтастық әдістеме аясында технологияларды енгізуді жеделдетуге және қателіктерге жол бермеуге септігін тигізеді».


— Smart City әдістемесі тұрғысынан INTEGRA CITY платформасының бірегейлігі неде?

«INTEGRA CITY әмбебап шешімі Smart City әдістемесінің мақсаттарына, негізгі қағидаттары мен басым бағыттарына толық сәйкес келеді. Платформа кез келген ауқымдағы қалалық процестерді басқаруға арналған құралдарды біріктіреді, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді және барлық қызметтердің цифрлануын қамтамасыз етеді. «Ақылды және Қауіпсіз қала» тұжырымдамасы энергетика, көлік, қауіпсіздік пен қалалық сервистерді бір желіге біріктіретін зияткерлік жүйе құрып, қалаларды анағұрлым сенімді, жайлы және орнықты етеді».


— Smart City әдістемесі енгізілгеннен кейін, бес жыл уақыт ете қазақстандық қалаларды қалай елестетесіз?

«Бірнеше жылдан кейін Қазақстан қалалары сыртқы келбеті мен жұмыс істеу қағидаты жағынан айтарлықтай өзгереді — олар анағұрлым орнықты, қолайлы және басқару тұрғысынан ашық бола түседі. Әдістеме цифрлық инфрақұрылымды бастапқы кезеңнен-ақ қалыптастыруға мүмкіндік береді: датчиктер, аналитика, urban-tech интеграциялық тетіктері. Сонымен қатар, Қазақстанда инженерлік инфрақұрылым да қарқынды дамып келеді, олар өз кезегінде жолдар, көлік тораптары, коммуналдық желілер, әлеуметтік нысандар. Бұл технологиялардың барынша тиімді жұмыс істеуіне және тұрғындар үшін орнықты, үнемді әрі жайлы қалалар қалыптастыруға жағдай жасайды».
Осылайша, Smart City-дің жаңа әдістемесі — бұл жай ғана ережелер мен технологиялар жиынтығы емес. Бұл — Қазақстанның барлық қалалары үшін сенімді, жайлы әрі ашық қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған нақты бағдар. Әдістеме цифрлық және физикалық процестерді бір жүйеге келтіріп, бірыңғай стандарттар мен негізгі қағидаттарды белгілейді және әлемдік технологиялық көшбасшылардың озық тәжірибесін енгізуге жол ашады. Алдағы жылдары қалалар бұл бастамаларды нақты іске асырып, «ақылды қаланы» тұжырымдамадан тұрғындар үшін күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдырады.

Қайрат Бегімов

 

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары