Malim.kz
Спорт

Софья Берульцева Азия ойындарында Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды

Мадияр Қапанбек
Софья Берульцева. Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының каратэшісі Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жеңімпаз атанып, ел қоржынына төртінші алтын медальді түсірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Берульцева каратэден кумитэ бағдарламасы бойынша 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті.

Бұл жетістік спортшы үшін Азия ойындарындағы екінші чемпиондық атақ болды. Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен құрлықтық додада да осы салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген еді.

Софья Берульцева Қазақстан каратэсінің ең тәжірибелі өкілдерінің бірі саналады. Оның еншісінде Токио Олимпиадасының қола жүлдесі де бар.

Қазақстанда WKF каратэ кеңінен дамып келеді. Қазіргі таңда спорттың бұл түрі елдің 20 өңірін қамтып, онымен 77 мыңнан астам адам тұрақты түрде шұғылданады.

Каратэшілерді даярлаумен 600-ге жуық жаттықтырушы айналысады. Олардың 140-қа жуығы ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

Софья Берульцеваның чемпиондығынан кейін Қазақстан құрамасының Айти–Нагоядағы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны төртке жетті.

Дереккөз: Sportinside.kz.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары