Malim.kz
Білім-ғылым

Солтүстік Қазақстанда екі жылда 21 мектеп жабылып қалған

Айбын Атабай
azattyq-ruhy.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 2024 және 2025 жылы 21 мектеп жұмысын тоқтатқан. Бұл жөнінде Tizgin.kz облыстық білім басқармасының жолдаған жауабын келтіріп хабарлады.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, контингенті 5 баладан кем болатын мектептер жабылуға жатады.

«2024 жылы мемлекеттік нормативке сәйкес келмейтін 14 шағын жинақты мектеп (оның ішінде оқыту қазақ тілінде – 5), 2025 жылы 7 шағын жинақты мектеп жабылды (оның ішінде оқыту қазақ тілінде – 2). Мектептер бұйрыққа сәйкес жабылды, ондағы контингент 1-ден 3 балаға дейін құрады», — делінген жауапта.

Алдын ала болжам бойынша 2026 жылы облыста 3 шағын жинақты бастауыш мектеп жоғарыда аталған нормативке сәйкес келмейді. Яғни, бұл үшеуі де жабылуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылы жабылған мектептер:

1. Айыртау ауданының «Наследниковка бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
2. Есіл ауданының «Черуновка бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
3. Жамбыл ауданы «Сәбит бастауыш мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде;
4.Жамбыл ауданы «Миролюбово бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
5. Жамбыл ауданының «Есперлі бастауыш мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде;
6. Жамбыл ауданының «Майбалық негізгі орта мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде;
7. Жамбыл ауданының «Ұзынкөл бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
8. М.Жұмабаев ауданының «Придорожное бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
9. Қызылжар ауданының «Дубровное негізгі мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
10. Ғ. Мүсірепов атындағы «Сарыадыр бастауыш мектебі» КММ — қазақ тілінде;
11. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның «Еркін Әуелбеков атындағы Жаңасу бастауыш мектебі» КММ — оқыту қазақ тілінде;
12. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның «Боровской бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
13. Тайынша ауданының «Озерное негізгі мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
14. Шал ақын ауданының «Социал негізгі мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде.

Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылы жабылған мектептер:

1. Айыртау ауданының «Целинный негізгі мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
2. Аққайың ауданының «Куйбышев бастауыш мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде;
3. Тайынша ауданының «Агроном бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
4. Тайынша ауданының «Любимовка бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
5.Тайынша ауданының «Бахмут бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
6.Шал ақын ауданының «Астаған бастауыш мектебі» КММ — оқыту орыс тілінде;
7. Шал ақын ауданының «Жаңаталап бастауыш мектебі» КММ — қазақ тілінде.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары